Ақжүрек Таңатаров: Спорттан кетуді ойлап жүрмін

Сәрсенбі, 6 Желтоқсан , 2017 12:04

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жоспарлары жайында айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақжүрек Таңатаров «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаздардың бірі атанды.

Жобаның спорт саласында ұсынылған 42 адамның ішінде еркін күрестің майталманы басым дауыспен үздіктер қатарынан көрінді. Осы ретте «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ел мақтанышына айналған балуанды сөзге тартып, спортшының алдағы жоспары туралы білді.

– Ақжүрек Достықұлы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңімпаз атануыңызбен құттықтаймын. Айтулы шараның (Президентпен кездесу) алдындағы көңіл-күйіңіз қалай?

– Бұл жоба басталған кезде елде болмап едім. Маған телефон арқылы хабарласып, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткер ретінде тіркедік деп хабар берді. Туыс-туғандарымыз, таныс спортшыларымыз, Жамбыл облысы болып бәрі де дауыс берген екен. Қоңырау шалып, дауыс беріп жатырмыз деп айтып жатқандар да болды. Көпшіліктің қолдауымен «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» ендім.

– Алдағы жоспарларыңыз қандай? Бірнеше халықаралық және әлемдік дәрежедегі чемпионаттарға қатысып, жүлде алып келіп келгеніңізді естіп жатырмыз…

– Әлем біріншілігіне дейін алты ірі жарысқа қатыстым. Әдетте, спортшылар алты жарысты бір жылда өткізеді. Ал маған бұл сынды алты айда өтуге тура келді. Сол себептен, биылғы жылды демалыспен аяқтаймын. Демалыс дегенге әрине, аяқты көтеріп қойып, үйде тынығып жату дегенді білдірмейді. Күніне бір мезгіл жаттығу жасаймын. Артымда еріп келе жатқан інілерім бар. Соларды баптап жүрміз.

– Токио Олимпиадасы да жақындап келе жатыр. Енді бір Олимпиаданың шыңын бағындыру жоспарыңызда жоқ па?

– Токио Олимпиадасына жете аламын деп айта алмаймын. Оның өзіндік нақты себептері бар. Бір шетінен жасым да келіп қалды. Екіншіден, қазіргі уақытта күрес ережелері өзгеріп барады. Мәселен, ірі жарыстарда таңертең салмақ өлшеу рәсімі өтеді де, сағат 09:30-10:00 шамасында жарыс басталып кетеді. Түске дейін бес мәрте боз кілемге шығып, жолың болса финалға дейін шығасың. Ертеңінде тағы салмақ өлшеп, финалда күресеміз. Жасы келген адамдар үшін бұл өте қиын.

Тағы бір кедергі – менің салмағым енді Олимпиада ойындарына кірмейді. Нақтырақ айтқанда, 10 салмақтың бұдан былай алтауы ғана Олимпиада ойындарына енеді. Төртеуі Олимпиадалық салмақ дәрежелері саналмайды. Бұрын грек-рим күресінде 7, еркін күрес шеберлерінде 7 салмақ жазғы Олимпиада ойындарының ережелерінде болған. Екі спорт түрінен бір-бір салмақты алып тастап, қыздарға Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік ашылды. Нәзік жандыларға Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік пайда болды дегенімізбен, ережедегі бұл өзгеріс біздің салмақтағы балуандардың жолын бөгеді. Қазір балуандардың біразы ММА спортына кетіп жатыр. Қалған төрт салмақта Әлем біріншілігінде шығуға болады. Ал Олимпиада мен Әлем біріншілігін салыстыруға әлбетте келмейді.

– Демек, спорттан кетуді ойлап жүрсіз бе?

– Иә, спорттан кетуді ойлап жүрмін. Сәтін салса, келесі жылы спорттан кететінім туралы  ресми түрде хабарлаймын.

– Еркін күрестегі мансабыңызды аяқтайтыныңызды айтқаныңызбен, жалпы спорттан қол үзбейтін боларсыз?

– Әлбетте! Спорт интернатынан өзіміз іріктеп алған алты баланың төртеуі жақында үздік өнер көрсетіп, біреуі Қазақстан біріншілігінде топ жарды. Ал үшеуі жүлдеге ие болды. Бұл – төрт айдың нәтижесі. Мен үшін бұл өте үлкен дәреже, зор қуаныш десем де болады. Неге десеңіздер, 20 жыл жаттығу жасатып, Қазақстан біріншілігінде шәкірттері жүлдеге ілінбей жүрген жаттықтырушылар бар. Ал 4 айда Қазақстан чемпионы атағын алған шәкіртті тәрбиелегенімізге шүкір деймін.

– Артыңыздан ерген жас буын балуандарға не тілейсіз?

– Жас буын балуандарға тілейтінім, біріншіден жеңімпаз болу үшін еліңді, жеріңді, көк байрағыңды сүйіп, патриот болу керек деп ойлаймын. Патриот болсаңыз, биік тұғырдан көрінесің. Екіншіден, еңбек ету керек. Еңбек барда жеңіс те бар. Спортта қиын жағдайлар болып жатады. Әр жамандықтың артында бір жақсылық жатады дейді ғой. Сол себептен күрделі кезеңдерде өзі-өзіңді сындырмай, еңбек етсең, жеңіске жету, Олимпиада шыңын бағындыру қолыңнан келер деп ойлаймын.

– Сұхбатыңызға рахмет!

– Сізге де рахмет!

Тағы да оқыңыз:

Головкин-Альварес қарымта жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер жасырынып жүр

Ата-анасы сәби кезінде тастап кеткен қызын 22 жыл бойы көпірде күткен (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар