БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Акула бөгеттен өтіп кетіп, 4 жасар қызға қарай секірді (видео)

Аустралиядағы Квинсленд штатында доғал тұмсықты акула үрленген бөгеттен секіріп өтіп, теңіздің адамдар шомылып жүрген аумағына жүзіп келді.

Қауіпті акула бөгеттен өтіп кетіп, 4 жасар қызға қарай секірді (видео)

Бұл туралы 9 News порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ұзындығы шамамен 1,5 метр болатын жыртқыш балықты жағажайға 4 жасар қызымен келген жергілікті тұрғын байқап қалған.

«Акула тордың маңында айналып жүрді. Одан өтіп, жағалауға жақын жүзіп келді. Мұнан кейін кері қайтты», – дейді ол.

Әйелдің сөзінше, сол кезде қызы бірден суға кіріп кеткенде, қайғылы жағдай орын алар еді. Алайда 4 жасар қыз акуланы көріп, суға түскісі келмейтінін айтыпты.

Айта кетсек, доғал тұмсықты акулалар тропикті және субтропикті жерлерде мекендейді. Олар жағалау маңындағы аумаққа келіп, адамдарға шабуыл жасауы мүмкін. Сондай-ақ, бұл акула адам өмірі үшін ең қауіпті акулалардың бірі болып саналады.

Оқи отырыңыз:

22 жастағы келіншек YouTube-тегі видеоға қарап өзін-өзі босандырған

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Акуламен екі сағат бойы алысқан балықшы аман қалды

Загрузка...
Қазір оқып жатыр