Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Үндістанның 23 жастағы тұрғыны Манприт Сингха салмағы 5 келі болатын сәбидің денесінде «қалып қойған». Ол сөйлеп, өздігінен жүре алмайды.

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Сурет: Media Drum World

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қазіргі уақытта Манпритті ағасы мен тәтесі күтіп жатыр. Олар інісін жақсы көреді және барлық жерге бірге алып жүреді.

Манприт 1995 жылы дүниеге келген. Алайда сөйлеп, жүріп үйренбеген кезінде дамымай қалған екен. Дәрігерлер баланың әкесіне оның жақында қалпына келіп, өсе бастайтынын айтқан. Алайда, өкінішке орай, ол сол қалпында қалып қалды.

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Жергілікті аурухана дәрігерлері баланың бойындағы мұндай қиындықтың өсу гормондарының жеткіліксіздігінен болғанына сенімді. Алайда мұндай жағдайға тап болуына не әсер еткенін анықтау үшін, қымбат құрылғының көмегімен тексеру қажет. Кейбір ғалымдардың айтуынша, Манприт сирек кездесетін гентикалық ауру Ларон синдромымен туылған.

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Десе де Манприт бойындағы кемшілігіне қарамастан, туыстары мен ауыл тұрғындарының махаббатына бөленіп өмір кешуде.

«Манприт кішкентай бала сияқты сықылықтап күледі. Мұңайы қалатын кезі сирек. Ит немесе басқа жануар дыбыс шығарған кезде ғана қорқып, жылайды. Ол – тамаша бала. Үйге келген кез-келген қонақпен тіл табысуға тырысады», – дейді ағасы.

23 жастағы ер адам ауру салдарынан сәби қалпында қалып қойған (фото)

Манприт өзінің ағасы мен тәтесін жақсы көріп кеткені сонша, туған ата-анасына барған кезде жылап, тамақ ішпей қояды екен. Сондықтан бала туыстарының үйінде тұрып жатыр. Қазіргі уақытта баланың отбасы оның дертінің себебін анықтап, емдету үшін ақша жинап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Акуламен екі сағат бойы алысқан балықшы аман қалды

 

Талқылау