Актриса жастай зорланғанын айту үшін ата-анасының өлімін күткен

Сәрсенбі, 4 Қазан , 2017 17:12

Мансабын аяқтаған неміс актрисасы Ренате Лангер Швейцария полициясына шағым түсірді. Актриса 1972 жылы 15 жасында режиссер Роман Поланскиге зорланғанын айтып арызданған.

Лангер режиссерді сексуалдық зорлық жасады деп айыптаған төртінші әйел. Ол The New York Times басылымына полицияның хатын беріп, өткен аптада тергеушілермен кездесіп үлгерді, деп жазады Stan.kz.

Швейцарияда бала зорлау ісінің уақыты маңызды емес. Алайда көп жылдар өткен жағдайда, заң ол істі қарастырмайды. Бұл ретте Лангер сот арызымды қарайды деп үміттеніп отыр. Істі қозғау мәселесін Берна прокуратурасы шешетін болады.

Экс-актриса көзі тірі кезінде ата-анасын шошытпау үшін шындықты жасырып келгенін айтты. Осы күнге дейін Лангер бар шынын тек сүйікті жігітіне айтқан.

“Анам кезінде жүрек талмасына ұшыраған. Онымен бұл туралы сөйлесуге ұялдым және қорықтым», – дейді актриса.

Ренате Лангер режиссер Роман Поланскимен жоғарғы сыныпта оқып жүрген кезде танысқан. Ол шақта Лангер Мюнхендегі модельдік агенттікте жұмыс істейтін. Ата-анасының рұқсатын алған бойжеткен киноға түсу туралы сөйлесу үшін режиссердің үйіне барған. Актрисаның айтуынша, Полански оны өз үйінің жатын бөлмесінде зорлаған. Келесі күні Гштаадтан оралған ол болған оқиға жайлы жан баласына тіс жармаған.

Бір айдан кейін Полански қыздан кешірім сұрап, оған «Не?» деп аталатын фильмнен рөл ұсынған. Лангер өзіне лайықты қараған жағдайда келісетінін айтқан.

Бойжеткен жалғыз өзі Римге ұшып келіп, фильмге түскен. Айтуынша, алғашқыда Полански оған тиісуге тырыспаған. Алайда бір күні үйде жалғыз қалған шағында, режиссер оны тағы зорлаған.

Айта кетейік, режиссер 1977 жылы 13 жасар Саманта Геймерді зорлағанын мойындады. Аталған іс бойынша сот ісі әлі күнге дейін жалғасуда. Себебі режиссер ұзақ уақыт бойы америкалық соттан қашып жүрген.

Биылғы жылдың тамыз айында тағы бір әйел 16 жасында Поланскиге зорланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 2010 жылы британдық актриса Шарлотта Льюис дәл осындай шағым түсірген болатын.

Қазіргі уақытта 83 жастағы режиссер Парижде тұрып жатыр. Швейцария мен Польша оны АҚШ-қа экстрадициялаудан бас тартқан.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та қоршауға сүрініп қалған қыз 6 миллион доллар өндіріп алды

Үндістанда селфи жасамақ болған үш студент пойыз астына түсіп қаза тапты

Топпен бірге мыңнан аса қыз зорлаған азаматтың әйелі зорланған қыздардың өзін кінәлады

Әлемнің қай елдерінде құдайға тіл тигізгендер жазаланады?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар