Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Айнұр Ниязова халыққа жаңа қырынан танылмақ

Көрерменге “Ликвидатор” фильмі арқылы танылған Айнұр Ниязова екі саланы қатар алып жүру туралы шешім қабылдады.

Numero-Uno-12-2015-3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Инстаграмдағы парақшасына түсірілім барысындағы видеоны салып, желі қолданушыларын қатты таңқалдырды. Халық бұрын-соңды Ниязованың ән айтқанын көрген емес. Алайда Айнұр ханым мұны жоққа шығарып, актриса болмай тұрып ән айтқанын жеткізді. Актриса ән айтса да, кино әлемінен кетпейтіндігін айтып жатыр. Жуырда жарық көретін туындысы “Мәңгі тоқтама” деп аталады.

Айнұр Ниязова 1985 жылы 8 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Балалық шағында ойын ойнаудың орнына, тігін машинасының алдына отырып киім тігетін болған. Мұнымен қатар, балалар ансаблінде би билеген. Мектеп-лицейді тәмамдаған соң Астана қаласындағы музыка және театр академиясына түседі. Университет қабырғасында білім алып жүріп “Афиша” бағдарламасын жүргізеді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін танымал актриса Айнұр Ниязованың қымбат киім жарнамасына түскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау