Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Айнұр Ілиясова отбасылық міндетіне уақыт таба алмай жүр

Ал, Айнұр Ілиясова жұмысының көптігінен отбасылық өмірге уақыт таба алмай жүр! Актрисаның бұл сөзін естіген соң, Әсем Нұрсейітова бастаған жұлдызды аналар, бәріне бірдей үлгерудің өзіндік құпиясымен бөлісті. Сонымен, танымалдардың айтар кеңесі қандай?

Айнұр Ілиясова

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Айнұр Ілиясова ана бақытына бөленген аруларды Бөпе Фейр фестиваліне жинады. Қоғамдық шараларға білек сыбана кіріскен актриса, жұмысының көптігінен үй шаруасына үлгере алмай жүр екен.

“Шынымды айтсам, көп қой үйдің жұмысы. Үлгермеймін! Шынымды айтсам ештеңеге үлгермеймін. Бұл үшін көп көмекшілерің керек, үйде де, түзде де”, – дейді Айнұр Ілиясова.

Ал, жұлдызды келіннің бұл қылығына енесі түсіністікпен қарайды. Бүгінде, театр сахнасының талай өнерпазын тәрбиелеп отырған Айнұрдың екінші анасы, Ілиясоваға шығармашылық жолда да өз ақылын аямайды екен.

“Мастерстводан да көмектеседі ол кісі. Қызыма да қарап, үйде де көмектеседі ол кісі. Кейде маған неше түрлі тамақтар алып келеді”, – дейді Айнұр Ілиясова.

Енесіне еркелеп жүрген Айнұрға, құрбысы Әсем барлық іске қалай үлгерудің құпиясын айтты.

“Ертең кешке мысалы мына жерге баруым керек, ол жақтан мына жаққа баруым керек деген жоспар құрам күнделікті. Осының арқасында барлығына үлгеруге болады деп ойлаймын”, – дейді Әсем Нұрсейітова.

Жуырда ғана үшінші мәрте ана атанған Аиша да, шығармашылық пен отбасылық парызын қатар алып жүрген жан ретінде ақылын аямады.

“Екі ұлым болғанда ешқандай көмекшіге жүгінбеп едім. Алайда, қиындықтар көп болды. Сондықтан да, барлығын қатар алып жүргің келсе, көмекшілерге жүгінген жөн”, – дейді Аиша.

Ал, құрбыларының кеңесі Айнұрға қажет-ақ. Уақыты тапшы актриса, енді балалар мюзиклін таспалауға қызу дайындыққа кіріскен.

Тағы оқыңыз: 

Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды

Ажырасқаны үшін: Алтынай Жорабаева қыз ұзату мен тұсау кесуден бас тартып жүр

Мейрамбек Бесбаев өзі жатқан бесікті Рахман Омардың ұлына сыйға тартты

Ерекше ұсыныс жасады: Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр

Талқылау