Ақтөбе тұрғынын лаңкестерді жасырғаны үшін қамауға алды

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 14:58

Ақтөбе қалалық №2 сотының 21 шілдедегі қаулысымен жергілікті тұрғын Мирлан Ердәуов қамауға алынды. Ол лаңкестерді жасырды деп айыпталуда.

тимсч

Фото: vlast.kz

“Ақтөбе қалалық №2 сотына Ердәуов Мирлан Саламатұлына қатысты ҚР ҚК 432 бабында қарастырылған заңды бұзды деген күдікпен оны қамауға алу туралы арыз түсті”, – делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

М.Ердәуов іздеуде болған үш лаңкеске көмектесіп, оларға баспана жалдады деген күдік бар. Енді ол 2 ай қамауда болады.

Бұған дейін де Ақтөбедегі теракті жөнінде біле тұра полицияға хабарламаған тағы үш ер адам ұсталған.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде бір топ террорист жойқын теракт жасап, нәтижесінде бейбіт тұрғындар мен тәртіп сақшылары қаза тапқан еді. Мұны ІІМ Сириядан жасалған үндеу негізінде болды деп болжам жасаған. Кейін ел билігі қаза тапқан тәртіп сақшыларының отбасына баспана берілетіндігін хабарлады.

Бұдан кейін жергілікті тұрғындар тоналып, атыс басталған қару-жарақ дүкендерін жабуды талап еткен.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар