Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік тұрғын 500 теңгеге бола 4 баланың әкесін өлтірді

Ақтөбе облысында 500 теңге қарызын даулап келген қаніпезер 4 баланың әкесін өлтіріп қойды. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот 42 жастағы айыпты ер азаматты 9 жылға бас бостандығынан айырды.

A1E780E4-DADB-4A6B-BCE5-9BB4D5552F33_cx0_cy11_cw0_w900_r1_s_r1

Бұл туралы Skifnews хабарлайды. Белгілі болғандай, қанды оқиға қала маңындағы саяжайда орын алған. Қайтыс болған ер адам мен қылмыскер көрші тұрған екен.

36 жасында 500 теңге үшін кісі қолынан қаза болған азаматтың артында 4 баласы мен жұмыссыз жесірі қалды. Балаларының үлкені колледжде оқыса, ал, ең кішісінің жасы төртте. Көрпеше тігіп күн көріп отырған келіншек енді бала-шағасын қалай асырарын білмей, қылмыскерден өтемақы төлеуді талап етіп отыр.

Бірақ, еш жерде жұмыс істемейтін, атында көлігі мен жылжымайтын мүлігі жоқ айыпты беретін түгі жоғын айтуда. Сот қызметкерлерінің айтуынша, сот сараптамасына кеткен 212 мың теңге шығынды қылмыскерден өндіріп алудың өзі қиындық тудырып отыр екен.

Талқылау