Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік студенттер Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап 25 торт пісірді

Ақтөбе сервис колледжінің аспаз бөлімінде оқитын студенттер балалар үйі тәрбиленушілеріне арнап осындай тәттілер пісірген. Колледж жыл сайын қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, қамкөңіл балаларға қамқорлық жасайды екен. 610848fda35cbcab38eaa3bed9a4a812_L

Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.

Студенттер жылда өз қолдарынан шыққан бұйымдарын сыйға тартады. Кәсіптік-техникалық білім беретін мемлекеттік колледжде қыз балалар көп оқиды. Олар аспаз, даяшы мен тігінші мамандығын алып шығады. Колледж бен қаладағы тамақтану орындарының арасында әлеуметтік-әріптестік байланыс та жақсы орнаған. Олар білім ала жүріп мейрамхана мен дәмханаларда тәжірибеден өтеді.

“Қайырымдылық шарасы өтіп тұрады, біз Темір ауданындағы отбасылық үйлерге жылма жыл оқушылардың және мұғалімдердің көмегімен қайырымдылық жасап отырамыз. Сонымен бірге отбасы аз қамтылған оқушыларға «Қызыл ай» қоғамымен бірігіп, қайырымдылық көмек ұйымдастырамыз”, – дейді Ақтөбе сервис колледжінің оқытушысы Тамара Жұмағалиева.

Талқылау