Ақтөбелік полицейлерде лаңкестік оқиға кезінде нақты жоспар болмаған

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 11:13

Лаңкестікке қарсы штаб отырысында ІІД бастығы Мақсұтхан Әбләзімов жергілікті полицейлердің лаңкестік оқиға алған күнгі кездескен қиындықтарын жайып салды. Бұл қиындықтар аталған саладағы кемшіліктің салдары болса керек.

police

Сурет mgorod.kz

Бұл туралы AktobeNews хабарлайды.

“5 мамыр күні болған лаңкестік оқиғаны бүге-шігесіне дейін сараптау кезінде ішкі істер департаменті қызметіндегі кемшіліктерді анықтадық. Біріншіден, бір топ лаңкес қаланың бірнеше ауданында шабуыл жасаған кезде тойтарыс беру үшін ішкі істер органдарын басқарудың қиындығы байқалды. Сондықтан, лаңкестік оқиға басталған кезде біз полицияның кешенді күшін үйлестіруде, оған жетекшілік етуде қиындықтарға тап болдық. Екінші мәселе — жеке құрамның қалалық жерде ұрыс жүргізудің тактикасын білмеуі”, — деді М.Әбләзімов.

ІІД бастығы арнайы автобустардың жоқтығынан жеке құрамды қаланың бір бөлігінен екінші бөлігіне тасымалдау қиынға соққанын айтады. Полицейлерге әлсін-әлсін автобус сұратып, әкімшілікке шығуға тура келген, ал бұл лаңкестердің шабуылына тойтарыс беру операциясының жеделдігіне кері әсер еткен.

Патрульдік полиция қызметкерлері саны да жеткіліксіз. Облыста жасақталған 630 бағыттың тек 34 пайызы, қала бойынша 20 пайызы ғана патрульдермен қамтамасыз етілген.

“Экстремизим және терроризммен күрес жөніндегі басқарманың штаттық кестесі талапқа сай емес — 11 адам! Ал есепте тұрған адамдар саны 400-ден асады және дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде жүрген 1500-ден астам адам бар”, — деді ол.

Әбден ескірген радиостанциялар да жарамсыз екенін көрсетті — бір радиоарнада лаңкестік оқиға болған алғашқы сағатта 500 адам сөйлегенде, жүктемені көтере алмай қалды. Жолдарға тосқауыл қоюға қажетті техникалық құралдардың болмағандығы салдарынан жолдарда қорғаныс бекеттерін салу үшін қапшықтарға құм толтырып қоюға тура келген.

“Полицейлердің санын арттыру, кадр мәселесін облыс әкімі жеке бақылауына алды”, — деді М.Әбләзімов.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік террористер ұялы телефон саудасымен айналысқан

Ақтөбеде лаңкес пәтерді «Қызыммен демалу үшін үй керек» деп іздеген

Жараланған лаңкестердің барлығы ауруханадан түрмеге жіберілді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Мейрамбек Сапаков says:

    Лаңкестерге айналуы мүмкін деген адамдарды қатаң бақылауға алып, олармен имамдар арнайы сабақтар жүргізуді тоқтатпау қажет.

  • айша says:

    Нақты жоспарлары болмағаны белгілі. Себебі, олар белгілі атақты топтардың филиалдары емес, тек қана дүрыс емес уағыздарды тыңдай-тыңдай бұзылғандар.

  • Жанузак says:

    Біз дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткендерді дұрыс жолға салу үшін күресті тоқтатпауымыз керек, сол кезде ғана біз өзімізді террорлық шабуылдардан қауіпсіз, лаңкестерден таза елміз деп нақты айта аламыз

  • Дарига says:

    Құқық қорғау органдары қай кезде де өз кеуделерін оққа тосып елге адал қызмет ететіндерін көрсетті

  • Шұғыла says:

    Наши силовики показали свою готовность наилучшим образом, тогда и жертв было бы больше

  • Дина says:

    Кемшілік ханның да баласында да болады. Тыншы отырған қала мұндай болады деп кім ойласын? Менде ойлаған жоқпын.

  • Жақсылық says:

    Бұған Қасымов та өз жауабын берді ғой.

  • Айсұлу says:

    Лаңкестікке қарсы күрестің дүниежүзілік тәжірибесіне сүйенсек, оның нәтижелілігі тек қана құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің жұмысына ғана емес, сол елдің халқы бұл күреске қаншалықты үлес қосып отырғандығына тығыз байланысты.

  • Айбат says:

    Лаңкестік жыл өткен сайын жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, тұрақсыздандырғыш сипатымен ерекшеленіп барады.Сондықтан бұл дертпен күресу үшін, аталған мәселлерді қолға алып, әр қаланы қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, кадрлар тапшылығы мәселесін де қолға алу керек.

  • Мұрат says:

    Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлінеді деп ойлаймын. Еліміздің әр қаласы лаңкестікке тойтарыс беруге дайын болу керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар