Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік мұғалім қала тұрғынын өлімнен құтқарып қалды

Ақтөбеде мұғалім Дастан Назаров автобустағы жолаушыны құтқарып қалды. Жолаушы жол үстінде эпилепсия ауруына шалдыққан.

Жолаушыға мұғалім Дастан Назаров алғашқы көмек көрсетті. Кейін жедел жәрдем шақырып, жақындарына хабарлайды. Жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы көмектің дер кезінде әрі дұрыс жасалғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

“Бұған дейін осылай талып қалған адамға көмектескен едім. Сондықтан оған қалай көмектесу керек екенін білдім. Мұның бір адамның өмірін құтқаруыма себепші болғанына қуаныштымын”, – дейді Дастан Назаров.

Дастан Назаров Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім. Химия пәнінен сабақ береді. Оқу ордасында адамға алғашқы көмектің қалай көрсетілуі керек екенін түсіндіретін семинарлар өтетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау