Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік қажы жалақысын сұраған жұмысшыларды есекке теңеді

Ақтөбеде орталық мешіттің әкімшіcі қарамағындағыларды есекке теңеді. Жақында ғана қажы атанған Бақыткерей Балкенов жалақыларын сұрай барғандарға осылай ақырып, қуып шығыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

02

“Енді “есекбас” деп сөз айтып қалып едім сол ғой. Соны жазған ғой. Мен де кешірім сұрадым. Мешіттің ауласында болған жайт қой”, – дейді қажы.

Алла үйінің әкімшісінен қарапайым жұмысшылар мұндайды мүлдем күтпеген. Сондықтан “Нұрғасыр” мешітінің отын жағып, ауласын сыпырып жүрген үшеу бірден сотқа шағымданды. Әйтсе де араға басқа имамдар түсіп, жәбірленушілер райынан қайтқан. Сөйтіп, айлықтарын санап беріп, соттағы іс те тоқтатылды. Дегенмен, Бақыткерей қажыдан балағат сөз естіген екі жұмысшының мешіттегі қызметтеріне қайта барғысы жоқ. Көңілдері қалған олар жұмыстан шығуға арыздарын жазып үлгеріпті.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

Иран спортшысы олимпиадалық алтын медалін имам Реза мешітіне тарту етті

Уэльсте имам жастарға секс-құлдық иеленуге болатынын айтқан

Ауғанстанда 60 жастағы имам жасырын түрде 6 жасар қызға үйленген

Талқылау