Ақтөбелік бизнесмен үйі су астында қалған отбасыға жиһаздарымен бірге екі бөлмелі пәтер сыйлады

Бейсенбі, 18 Мамыр , 2017 9:31

Ақтөбелік бизнесмен, облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Ержанов мүгедек Ерболат Жамиевтің көп балалы отбасына екі бөлмелі пәтер сыйға тартты.

e9514c66e507274a850538223b41819e

Бес балалы отбасының үйін су тасқыны шайып кеткен, деп жазады Aktobenews.kz.

4 жыл бұрын Ерболат инсульт алып денесінің жартысы сал болып қалған. Осы уақытқа дейін отбасы отағасының мүгедектігіне алатын 57 мың теңгемен күн көріп келді.

«Ақша ешнәрседен артылмайтын. Үйімізді су шайып кеткенде кей құжаттарымызды ғана алып үлгеріп қашып шықтық. Тұрғындар киім мен тамақ беріп, балаларыма кітап пен сөмкеге дейін әкеп берді. Күні кеше баспаналы болатынымызды естігенде қуаныштан жылап жібердік», – дейді әйелі Жансұлу Садирова.

wPAoFgu8z-49

«Диапазон» газетінің мәліметінше, кәсіпкер пәтерді үй жиһаздарымен қосып берген. Бұл ұсынысты көтерген Мұғалжар ауданының әкісі Ербол Данағұлов. Ал, баспананы кәсіпкер өз ақшасын алып берді.

Қазақстандықтар Ақтөбе тұрғындарына 124 млн теңге қаржы жинады. Оың 62 млн теңгесі 65 отбасыға беріледі. 362 тұрғынға 39 млн теңге жөндеу жұмыстары үшін беріледі.

Тағы да оқыңыз:

Қостанай облысында үш жасар қыз трактордың дөңгелегіндегі суға батып кеткен

Қазақстанда дипломды 200 мың теңгеге жасап сатады

Павлодар облысында отбасы бір күнде бес баланы асырап алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар