Павлодар облысында отбасы бір күнде бес баланы асырап алды

Бейсенбі, 18 Мамыр , 2017 7:21

Павлодар облысы Успен балалар үйінен бес баланы қамқорлығына алған Вадим Мороз бен Тамара Мороз бір күнде көп балалы отбасы атанды.

20170517_144629

Облыстық білім беру басқармасы мәлім еткендей, Мороз отбасысына 15 жастағы Татьяна, 12 жастағы Валентина, 10 жастағы Геннадий, 7 жастағы Клавдия және 5 жастағы Александра қосылды. Бұл балалар бір жанұядан шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Бірінші күннен-ақ балалар бір-біріне бауыр басып кетті. Құжаттарды рәсімдегенге дейін демалыстарда және мереке күндері кездесіп тұрдық. Олар өте жақсы, мейірімді, сыпайы. Біз өз тарапымыздан барынша махаббатымызды сыйлап, олардың армандарын жүзеге асыра алғанымызға өте қуаныштымыз», – деді Тамара Михайловна.

Айта кетейік, Тамара Михайловна көп уақыт бойы балалар үйінде тәрбиеші болған. Вадим Мороз «Кирова» ЖШС-нде механик болып жұмыс істейді. Отбасына қабылданған жалғыз ер бала Генадийге алдағы уақытта шаруашылықты жүргізуге үйретуді жоспарлап отыр. «Қабылдаушы отбасы – бұл жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынан 4-тен 10 жасқа дейінгі балаларды қабылдайтын толық отбасы. Қабылдаушы ата-аналардың екеуіне де ақшалай қаражат төлеу қарастырылған. Азаматтарды өз отбасында тәрбиелеуге қабылдауға қорықпауға шақырамыз. Мемлекеттік мекемелерде балалардың жағдайлары қаншалықты жақсы болғанымен отбасы жылуының орнын толтыра алмайды», – дейді білім басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов.

Еске сала кетейік, бұл – Павлодар облысында құрылған екінші қабылдаушы отбасы. Барлық ата-аналар педагогтар екенін атап өткен жөн. Жақын арада Мичурин балалар үйінен тағы төрт бала Качир ауданының қабылдаушы отбасына берілетін болады.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде өгей шешесі сабап тастаған қызға туған анасы келді

ОҚО-да 25 жастағы жігіт құмар ойынының кесірінен өз-өзіне қол салды

Қазақстанда көзді үлкейту операциясы сәнге айналды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар