Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел аяғына құжаттары мен хат жапсырып, 25-қабаттан секіріп өлді

Марқұмның артына екі баласы қалды. Бұған дейін де өзіне қол салмақ болған әйелді бұл жолы ешкім құтқара алмады.

Онымен психологтар жұмс істегенімен еш нәтиже шықпаған, деп жазады aktobetimes.kz.

Өткен аптада 25-қабаттан секіріп өлген әйелдің ҰБТ-дан балл жинай алмаған түлек болуы мүмкін деген болжамдар айтылған еді. Алайда оның екі баласы бар 33 жастағы келіншек екені анықталды.

Бірінші қол салу кезінде оны күзетшілер құтқарып қалды. Екінші жолы оқиға соңы өліммен аяқталды. Әйел табанына құжаттары мен хатын жапсырып алып секірген. Хатта «Мен бұдан артық шыдай алмаймын» деп жазылған.

Оның мас әлде сау күйде болғаны белгісіз.

«Оны мас болғаны белгісіз. Бірақ өзімен бөтелке болған. Екі баласы әкесімен тұрады. Күйеуімен ажырасып кеткен. Әйел осы қындықты көтере алмаған болуы мүмкін», – дейді куәгер Әлия.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау