Ақтөбеге барған Назарбаев Сапарбаевтың жұмысынан мін таппады

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің сапасын бүгін президенттің өзі келіп тексерді. Елбасы Сапарбаевтың де екі жыл ішінде құрылыс саласында не тындырғанын тыңдады. Өйткені бұған дейінгі сапарында Нұрсұлтан Назарбаев қала іргесіндегі жаңа ықшамаудандарды ауылға теңеп, сол кездегі аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовке ескерту жасап кеткен еді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сапарбаевқа президент айтарлықтай сын айта қойған жоқ. Оның бұл сапарына ақтөбелік шенеуніктер көптен дайындалған еді. Облыс әкімі таң атысымен қала басшысын ертіп әуежайда Нұрсұлтан Назарбаевты күтіп алды. Елбасы ұшақтан түсе салсымен Ақтөбенің атқамінерлері алдымен ферро қорытпа зауытына апарды. Мұндағы хромның қожайыны, әлемдегі ең бай олигархтардың бірі Александр Машкеевич те осында жүр. Ол былтыр салынған балқыту цехының жұмысымен таныстырды. Артынша Елбасы рельс шығыратын зауытта болып, жұмысшы жастармен жүздесті. Онда аймаққа миллион тұрғын жинауға барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Шойын жол мен халықаралық көлік дәлізінің қақ ортасында орналасқан, көгілдір отыны бар Ақтөбе тұрғындарының арманы жоқ деді. Сондай-ақ көкөніс өсіретін жылыжайда болып, жергілікті өнімдердің де сапасымен танысты.

Президенттің Ақтөбедегі сапары қанша күнге жалғасады?

Ол туралы нақты ақпарат жоқ. Ертең қандай да бір нысанға баратыны туралы айтылмады. Соған қарағанда елбасының жұмыс сапары бүгінмен шектелетін сияқты. Айта кетейін, түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев, Ақтөбеде жаңадан салынған Жұбановтар әлемі музейі мен шығармашылық академиясында да болды. Онда ақтөбелік зиялы қауым өклідерімен, ақсақалдармен кездесті.

Жіберіп алмаңыз:

Бауыржан Байбек ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Ел тұрғындары жылуға 10 миллиард теңге қарыз

Доллар тағы да қымбаттады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар