Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі теракт кезінде дәретханаға жасырынды деп айыпталған майор әділдек іздеп шарқ ұруда

Ақтөбедегі теракт кезінде шабуыл жасалған №6655 әскери бөлімшенің бұрынғы майоры Қайнар Тастамбеков әділдік іздейді. Айтуынша, бір айдан бері қаралып жатқан сотта әділдік жоқ. Ал бүгін сот алдында сөйлеген соңғы сөзінде майор Қайнар Тастамбеков тіпті құпия құжаттар қаралған күні мені және қорғаушымды сот залына кіргізбеді дейді.

Безымянный

Бұл туралы 31 арнаның жаңалықтарында айтылды.

Ақтөбедегі теракт кезінде әскери жарғыдағы тәртіптерді орындамаған деп прокурор майор Қайнар Тастамбековке үш жыл, ал оның көмекшісі Қайыржан Оразжановқа шартты түрде екі жыл сұрап отыр. Алайда прокурордың сұраған бұл жазасына Қайнар Тастамбеков үзілді-кесілді келіспейді. Айтуынша оған тағып отырған кінәлардың бірде біреуі дәледенбеген. Шабуыл кезінде лаңкестерден қорқып, штаб дәретханасының терезесінен секіріп қашып кеткен деген майор бұл айыптарды жалған дейді.

Айтуынша, сол қанды шабуыл күні ол қол астындағы әскерилерді аман алып қалуға тырысқан. Дәретхана терезесінен келген лаңкесті ішке кіргізбес үшін және басқаларға хабарлау үшін секірдім дейді. Майордың айтуынша, тіпті сол қанды қақтығыс болған күнгі бейнебақылау камералары түсірген жазбалар да жоғалған. Ал күні кеше қаралған құпия құжаттардан майор хабарсыз екенін айтады.

ымым

“17-ші том деген секретный документке кеше ознакомление болды, мені сол документпен айыптап отыр. Бірақ мені соған не допустили. Мен қазіргі таңда даже білмейм ол документтің ішінде не жазылғанын”, – дейді айыпталушы Қайнар Тастамбеков.

Ал сол теракт күні әскери бөлімшеде кезекшілікке бірге түскен екінші қызметкер Қайнар Тастамбековтің көмекшісі Қайыржан Оразжанов өзіне тағылған айыптармен келісті.

“Өз кінәмді мойындаймын. Өкінемін. Кешірім сұраймын”, – дейді Қайыржан Оразжанов.

Ал “әскери жарғыны орындамады”, “өз денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төнген жағдайда ешнәрсеге қарамастан, ескертусіз қару қолдануға міндетті және сол күні сол бөлімшеге жауапты бола тұра жауынгерлер мен әскерилерді шабуылдан қорғап қала алған жоқ” деген айыптарды тізбектеп, екі қызметкерге жаза сұраған прокурор бүгін камераға жауап қатпады.

Істі қарап жатқан сот отырысына да, мемлекеттік айыптаушының сұраған жазасына да келіспеймін деген майор Тастамбеков енді әділдік іздеймін деп отыр. Президенттен көмек сұрап, ашық хат та жолдап қойыпты.

Оқи отырыңыз:

Екі көзі көрмейтін орыс қызы қазақ әндерін жатқа айтып таңғалдыруда

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді

Талқылау