Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Денсаулық басқармасы жедел жәрдемнің кеш барғанын растады

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы 7 жастағы оқушы қыз Інжу Жакинаның өліміне қатысты пікір білдірді. Басқарма жедел жәрдемнің уақытынан кеш келгенін мойындады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігер мен фельдшерді уақытша қызметінен алды. Қыздың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Істі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

Басқарма мәліметінше, дәрігер мен фельдшер шақырған жәбірленушімлемен сөзге келгендіктен жазаланды. Ал, жедел жәрдемнің 49 минут кешігуіне ата-анасының дене қызуы көтерілген деп хабр бергені және мекен-жайды  дұрыс айтпағаны себеп болған.

Дене қызу қатты көтерілді деп хабар түспегендіктен жедел жәрдем қызметі төртінші категориядағы шақыруға кірген. Мекен-жайды дұрыс көрсетпегендктен дәрігерлер қайта хабарласып нақтылаған.

“Жедел жәрдем қызметі жеткенде қыздың қолы жаурап көгере бастаған. Ол етбетінен жатқандықтан және тыныс алу белгісі болмағандықтан ешқандай жасанды тыныс алу жұмысы жасалған жоқ. Анасы қыздың тілін шығару үшін ағаш қасық пайдаланды”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Қазір арнайы комиссия тексеру жүргізуде. Қорытындысы прокуратура мен сотқа жіберіледі. Бұған дейін қыз баланың денсаулығы жақсы болғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Ақтөбеде 7 жаса қыз бала түсініксіз жағдайда көз жұмған еді. Бұл отбасының екінші қайғылы жағдай.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау