Жедел жәрдем кеш келді: Ақтөбеде бір отбасының екінші баласы түсініксіз жағдайда көз жұмды (видео)

Ақтөбеде мектеп оқушысы көз жұмды. Желіде анасы мен ұл баланың ессіз күйдегі қызды ұстап отырған сәті жарияланды, деп жазады Қазақпарат.

Видеода ұл бала қыздың аузына қасық салып отыр. Жедел жәрдем келгенше қыз бала мерт болды.

“Қызым ұйықтап жатыр екен деп қалдым. Дене қызуы көтеріліп кетіпті. Дәрігер шақырттық. Жедел жәрдем сағат бойы келе қойған жоқ. Бұл екінші қызымның өлімі. 2011 жылы бірінші қызым тура осылай мерт болған. Ол кезде Әйгерім есімді қызымнан айырылдым. Сол үшін полицияғ арыз жаздым. Жедел жәрдем қызметін қайта-қайта шақырғанымен тез келе қойған жоқ. Келген соң не істеп отырдыңдар деп өзімді кінәлады. Қызым басым ауырып тұр деп айта бастағаннан-ақ жедел жәрдемді шақырғанмын. Бірнеше рет хабарласқанымда “көлік жоқ, күтіңіз, мен не істеймін” деп жатты. 15 минуттан соң қызымның денесі көгере бастады. Олар келгенде өлі күйінде болды”, – дейді анасы Динара Баймағамбетова.

Отбасының көршілері әдейі оқиғаны видеоға түсіріп, жедел жәрдемнің 50 минуттан соң келгенін айтты. Медциналық қызметкерлерден неге кешігіп келгенін сұрады. Олар хабар келгеннен бастап дереу жеткенін айтып ақталуда.

Аталған оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы кейінірек түсінік беретінін мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар