Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде екіқабат мұғалімді жұмысқа қабылдамай қойған соң ол сотқа барды

Ақтөбеде жас әйел 2015 жылы қала әкімі аппаратына хабарласып, жұмысқа тұру туралы өтініш білдірген. Қаладағы мектептердің бірінде бос орын болғандықтан, әйелді қалалық білім бөліміне жіберген.

b92deff405efb903c37d29eeba4df

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

Әңгімелесу кезінде мектеп директоры медициналық комиссиядан өтіп, құжаттарын жинауды тапсырады. Медициналық тексерістен өту кезінде өзінің жүкті екенін білген әйел, бұл туралы білім бөлімінің маманына айтады.

Осыдан соң мектеп басшылығы оны жұмысқа алу туралы ойларынан айнып қалған. Ал әйел болса дәл сол білім бөлімінің маманы мектеп директорының ойын өзгертті деп есептейді. Осыдан соң ол сотқа арызданып, моральдық шығын ретінде білім бөлімінің маманынан жарты миллион теңге, ал білім бөлімінен
20 мың теңге талап еткен.

Алайда сот оның өтінішін қанағаттандырмай, істі білім бөлімі мен маманның пайдасына шешкен.

Оқи отырыңыз:

Гүлвира Дөненбаеваның шаш үлгісінен кейін желідегілер екі топқа бөлінді

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Талқылау