Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жылқыларын іздеуге шыққаннан кейін жоғалып кеткен 6 адам Қызылорда облысынан табылды

Ақтөбеде жылқыларын іздеуге шығып, артынша жоғалып кеткен 6 адам Қызылорда облысынан табылды. Олардың бәрі аман-есен, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде жылқыларын іздеуге шыққаннан кейін жоғалып кеткен 6 адам Қызылорда облысынан табылды

Жоғалып кеткендерді іздестіру үшін Ырғыз аудандық ІІБ, Қарағанды және Қызылорда облыстарының ІІД қызметкерлерінен құралған іздеу тобы құрылды.

«Іздестіру шарларының нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың Қызылорда облысы Арал ауданында екені анықталды. Олардың бәрі аман-есен. Жоғалып кеткендері іздестіру үшін «Казавиаспас» тікұшағы қолданылды», – делінеді хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысында 6 адам бірдей жоғалып кеткен еді. Олардың екеуі ағайынды азаматтар. Олар барлығы екі жыл бұрын жоғалған бір үйір жылқыны іздемек болып жолға шыққан. 1 қыркүйекте үйден шығып, 3 күні хабарласқан. Содан бері байланыс үзілген екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау