Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жас келіншек перзентханадан шыққан бойда сәбиін сатып жіберген

Ақтөбеде перзентханадан шыққан бойда сәбиін сатып жіберген келіншекке қатысты іс қозғалып, тексеріліп жатыр.

20170123145305

Оқиға 18 қаңтар күні тіркеуге алыныпты. Баласын саудалап үлгерген Б. есімді әйел қазіргі таңда уақытша тергеу изоляторында отыр. Оған қатысты “Кәмелетке толмаған баланы сату” бабы бойынша іс қозғалған.

Жалпы, қылмыстық кодекс заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған балаға қатысты қандай да бір ерсі әрекетке бару, оны саудалау, қанау, жасыру, әлденеге азғырудың жазасы тым ауыр қарастырылған.

Егер әйелдің кінәсі дәлелденсе, онда ол 5-7 жыл аралығында жазасын өтейді.

Талқылау