Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ҰБТ тоқтатылған жоқ

Ақтөбеде 6 маусым күні ҰБТ тоқтатылған жоқ. Бірақ, қалада орнатылған антитеррорлық операция режиміне сәйкес қала сыртындағы жолдар жабылып, қозғалыс тоқтатылды.

82126_tn

Сурет vk.com

Ұлттық бірыңғай тестілеу қаладағы қылмыстық оқиғаға сәйкес өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша мемлекеттік тестілеу жоспар бойынша атқарылды.

“Әзірге тестілеуді тоқтату туралы бұйрық түспеді. Бірақ, ол бұйрық бүгін кешке немесе таңертең түсуі мүмкін”, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.

Қалада бүгін 5 маусым күні жаппай атыс орын алып, құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза тауып, бейбіт тұрғындар жараланған. Кейінірек оқиғаға түсініктеме берген ІІМ, шабуылдаушылардың діни эстремистік ұйымдарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жария етті.

Талқылау