Ақтөбеде төрт аяқпен туған нәресте ауыр халде жатыр
Ақтөбеде ерекше патологиямен туған нәресте жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, деп хабарлады облыстық балалар ауруханасынан.

Жаңа туған егіздердің бірінде кемістіктер көп, екі артық аяғынан бөлек, жүрек дамуында, ішек, зәр шығару жүйесінде ақаулар бар.
Дәрігерлер бала жағдайының тұрақталуын, салмақ жинауын күтуде. Оған тағы қандай операция жасалатыны әлі белгісіз. Ал егіздің екінші сыңары еш патологиясыз дүниеге келген.
Бұған дейін кемістікпен дүниеге келген сәбиге ота жасалғаны жайлы жазған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды