Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде төрт аяқты сәби дүниеге келді

23 маусым күні дүниеге келген бірінші сәби егіздің сыңары. 25 маусымда оған алғашқы ота жасалды. Егіздер өз уақытында өмірге келген.

photo_188746

Бұл туралы Диапазон хабарлайды.

Ата-аналарының да дені сау. Егіз сәби олардың тұңғыш балалары. Анасы уақытылы дәрігерге қаралып тұрған. Алайда, УЗИ-де бұл жайлы ешнәрсе анықталмаған.

Төрт аяқты сәбидің жүрек тамырлары дұрыс дамымаған. Тік ішектің орнына екі аяқ бітіп кеткен. Сенбі күні нәрестеге ота жасалып, қорыта алуы үшін оның тік ішегі ішінен шығарылды. Ота сәтті жасалды. Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Біраз уақыттан кейін оған тағы ота жасалып, оның артық аяқтары алынып тасталады.

Ақтөбе облысында мұндай ота әлі жасалмаған. Мамандардың айтуынша, баланың бұлай жетілмей тууына инфекцияның, анасының анемия ауруымен ауыруының, жүктілік кезінде дәрі ішуі мен экологияның ластығы әсер етуі мүмкін. Жас отбасы ауданнан Ақтөбеге көшіп келген.

27 маусым күні Ақтөбенің өзге перзентханасында туған тағы бір сәби кемістікпен дүниеге келді. Оның аяқ-қолының саусақтары бірігіп кеткен. Қазір нәрестенің денсаулығы тексеріліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бұл дертті емдеуге болады. Алайда, оған біраз уақыт керек. Сондықтан қазір сәбиге ота жасау қажеттілігі туындап отырған жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда 31 саусағы бар бала туылды (фото)

Қызылордада екі аяқты мысық, алты аяқты қозы туылды  (фото)

Талқылау