Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлерге оқ атқан қарулы топ құрықталды

Ақтөбе облысында зергерлік бизнеспен айналысатын ресейлік және қазақстандық бизнесмендерге шабуыл жасамақ болған қарулы топ ұсталды.

1843453

 Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Өңірдің ІІД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 2017 жылы 22 шілдеге қараған түні Ақтөбеде үш қарулы қылмыскерден құралған топ зергерлік бизнеспен айналысатын Қазақстан азаматшасы мен екі ресейлікке шабуыл жасайды.

Екінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп, тапанша кезенген қарақшылар ақша мен бұйымдар салынған сейфті беруді талап етеді. Олардың қылмыстық әрекетін Ақтөбе ІІБ мен Ақтөбе облысы ІІД қызметкерлері тоқтатты.

“Қарулы қылмыскерлерді ұстау кезінде олар қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерлеріне оқ атты, бірақ ақыры соңында қарусыздандырылды. Жәбірленушілер зардап шеккен жоқ”, — деп хабарлады полиция.

Тағы да оқыңыз:

Шетелдік БАҚ Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды

Теміртауда бүтін бір отбасы саңырауқұлақтан оңбай уланып ауруханаға түсті

Ғалымдар семіз әйелдердің ауру баланы өмірге әкелетінін анықтады

Талқылау