Ақтөбеде полицей қызбен билеуге кедергі келтірген жігітті ұрып жіберді

Ақтөбеде Темір ауданының учаскелік полицейі қызбен билеуге кедергі келтірген жігітті ұрып жіберді. Ер адам соққыдан баспалдақтан құлаған. Оның миы зақымданып, өзге де ауыр жарақаттар алған.

Бұл туралы Diapazon.kz хабарлады.

Оқиға наурыздың 3-нен 4-не қараған түні болған. Белгілі болғандай, Темір ауданының учаскелік инспекторы 32 жастағы Айбек А. қаладағы кафелердің бірінде достарымен отырған.

Отырыстан кейін ол жанындағы үстелде отырған үш қыздардың біріне билеуді ұсынған. Қыздардың жанында отырған ер адам полицеймен сөзге келіп, төбелесіп қалған.

Есіктен шыға бергенде учаскелік полицей жігіттің бетінен ұрған. Ер адам қатты соққыдан баспалдақтан құлап, ауыр жарақаттар алған.

Сотта полицей әдейі жасамағанын және өз ісіне өкінетінін айтты. Ол соттан қатаң жазаламауды және бас бостандығынан айырмауды сұрады. Полицей жігітке өтемақы төлеп, мәмілеге келген.

Сот полицейді кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығын шектеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысындағы ұлттық бюро ғимаратында тағы да адам өлімі

Көкшетауда жыныс мүшесі жоқ қызға отандық дәрігерлер көмектесе алмай отыр

Теміртауда он жасар бала өзіне қол жұмсады

Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады

 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр