Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде өзге мектептің түлегімен төбелескен 11-сынып оқушысы көз жұмды

Ақтөбеде 17-нен 18 маусымға қараған түні қайғылы жағдай болып, бір оқушы мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бас бәрігер Нұрлан Кожиннің айтуынша, пышақ жарақатын алған мектеп түлегінің жағдайы қалыпты ауыр. Ал қаза болған мектеп түлегін жерлеу үшін ата-анасы баласының денесін Қарғалы ауданының Бадамша ауылына алып кеткен.

Бас бәрігер Нұрлан Кожин ауруханада жатқан оқушының жағдайы ауыр екенін айтты. Ал, қара жамылған отбасы жерлеу рәсімін өткізу үшін марқұмның денесін Қарғалы ауданының Бадамша ауылына алып кетті.

«Мен қаза болған баланы жақсы танимын. Бұл отбасында 4 бала бар. Үйдің үлкені мектеп бітіріп, анасы «таяуда ҰБТ тапсырады» деп жүрген. Дүйсенбі күні таңда қатты жылаған дауыс шығып, бәріміз далаға шықтық. Үйіне кіріп, болған жайды естідік. Бала өте кішіпейіл, сәлем беріп, амандығымызды біліп тұратын. Ата-анасы қазір қалада жоқ. Олар жерлеу рәсімін ауылда өткізу үшін Бадамшаға кетті, он күн бойы сол жақта болады», – деді аты-жөнін айтудан бас тартқан мектеп түлегінің көршісі.

Оқушылар жатақхана алдында төбелескен. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиейлер келген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау