Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде орыс қызы ислам дінін қабылдады

Ақтөбеде орыс қызы ислам дінін қабылдады. Мешіт жанындағы сауат ашу курсында 126 шәкірт білім алып жүрсе, олардың арасында никаб киіп, жат ағымда жүрген қыз-келіншектер де бар.

2-450x270

«Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Диляром Бектаеваның айтуынша, Атырау, Ақтау, Ақтөбеде арабтардың киімін киіп, адасқандар саны көп екен, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбеде сауат ашу курсына ерекше назар аударылып жатыр. Мұнда кез келген адам келіп, діни білімін жетілдіре алады. Бұған дейін Павлодар, Ақмола, Алматы облыстары мен Астана қаласындағы мешіттерде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған ұстаз Диляром Бектаеваның айтуынша, Қазақстанның батысындағы облыстарда жат ағым жетегіне ергендер көп. Тіпті, олар көзге бірден шалынады екен.

«Қыркүйек айында Сауат ашу курсы ашылып, 126 шәкірт қабылданды. Шәкірттер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағдарламасына сай білім алады. Яғни, 5 түрлі дәріс беріледі. Сабақ аптасына 7 күн өтеді. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер және зейнеткерлер бар. 10 жастан асқан оқушылар тек ата-аналарының рұқсатымен келіп жүр», – дейді ұстаз Диляром Бектаева.

Мешіттегі ұстаздардан теріс ағым жетегінде жүрген қыз-келіншектер келіп, кеңес алады екен. Олардың арасында никаб киіп, араб елінің дәстүрін ұстанатын ақтөбеліктер де бар.

«Бір апта бұрын орыс қызы ислам дінін қабылдады. Никаб киіп жүрген қыз-келіншектер де келіп жүр. Бұрын тек Құран Кәрім үйренуге келсе, енді Ғибадат, Ақида сабағына қатысуға шешім қабылдады. Бәрі де өздеріне ұнайды. Жексенбілік уағызға қатысып, көбі Ханафи мәзхабына бет бұрып жатыр. «Қара жамылған» қыз-келіншектер араб шейхтарының ұстанымдарын ұстайды. Біз әжелеріміздің кимешек кигенін түсіндіріп, Ханафи мәзхабының хадистерін, салт-дәстүрімізді үлгі етеміз», – дейді ұстаз.

Айта кетейік, қазір «Нұр Ғасыр» мешітіндегі курста 5 қыз діни білім алып жүр. Олардың бәрі орта мектептегі негізгі сабағынан соң дәріс алады.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейлік танымал актер бір ай бойы Құранды оқып, ислам дінін қабылдады

Ағылшын жігіті қырғыз қызына қол жеткізу үшін ислам дінін қабылдап, қалыңмал төлеген

Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады

Селфи жасаймын деген үнді қызы бас терісінен айырылды

 

Талқылау