Ақтөбеде мектепке ақша жинамақ болғандардың әңгімесін видеоға түсіріп алған келіншекке қысым көрсетіліп жатыр

Ақтөбеде мектепке ақша жинамақ болған ата-аналар айқайласып қалды. Олар ескі парталарды өз қаражатына жаңаламақ болған.

Бірақ қарсы шыққандарын белсенділері балағаттап, қоқаң-лоққы көрсетіпті. Ал білім ошағында ақша жинауға жол берген мектеп директоры дауға еш қатысым жоқ деп азар да безер. Керісінше, ісім жиналыстағы жанжалды әлеуметтік желіге жариялағандармен болсын деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды

Таңнан бері Ақтөбедегі №22 мектептің дәлізінде ата-аналар топырлап жүр. Көбі – әлеулеметтік желіге тарап кеткен бейнероликтің кейіпкерлері. Онда әйелдер мектепке ақша жинауға қарсы болғандарды жерден алып, жерге салып жатады.

Айқай шыққан сыныптың ата-аналары ақша жинауға мәжбүр екендерін айтады. Өйткені білім ордасындағы мүліктер біраз жылдан бері жаңартылмаған. Сынық партадан балаларының киімдері күнде бүлінеді екен. Егер биліктегілер мектепті уақытылы бүтіндеп отырғанда, мұндай шу болмас еді дейді.

Мектеп директоры қазір бұған бас қатырып отырған жоқ. Ол әлеуметтік желі арқылы жиналыстағы жанжалдың видеосын таратқан әйелге шүйлігуде.

“Мен жеке сөйлесемін. Негізінде ата-аналар қарсы болып отыр. Ата-аналар жиналысын видеоға түсіруге ешкімнің ешқандай құқығы болған жоқ”, – дейді директор Айгүл Алдиярова.

Ал қалалық білім бөліміндегілер қаражаттан қысылып отырған мектептер жоқ деп бет бақтырар емес. Керсінше ақша жинаған ата-аналарды кінәлайды.

“Тамыз айында барлық мектептерге екі класты қамтитын партаға ақшаға бөлінді. Мүмкін кейбіреулер баласының тәуірлеу партада отырғызғысы келді ме? Ол енді өздерінің жұмыстары ата-ананың”, – деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанова.

Жиналыстағы жанжалға қатысты мектеп директоры мен сол сыныптың жетекшісі жазаланатын болды. Олар ата-аналарды бөлмеде жалғыз қалдырғаны үшін айыпталып отыр. Ал ақша жинауға еш қатысы жоқ деп, басшыларына шаң жуытар емес. Бірақ қандай жаза қолданатынын білім бөліміндегілер айтпады.

Тағы да оқыңыз:

Маңғыстау облысының тұрғыны пойызда босанып қалды

Сайқымазақ бетпердесін киіп адам өлтірген қылмыскер 27 жылдан соң ұсталды

Өскеменде тәртіп сақшысы қызметтік көлігімен екі адамды қағып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар