Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының тұрғыны пойызда босанып қалды

Қазанның 2-сіне қараған түні пойызбен Ақтауға бет алған Бейнеу тұрғыны жол үстінде босанып қалды.

Қуанышқа орай пойызда терапевт-дәрігер Салима мен Бағила Дүйсенқызы есімді дәрігерлер жолаушы болып келе жатқан. Келіншекті солар босандырып алды, деп жазад Лада.

Тұрсынай Айтжанованың толғағы басталғанда пойыз бригадирі Пернегүл Жалғасова мен  жолсерік Мұратбай Тұрманов бүкіл вагонды аралап дәрігер іздейді. Ақырында әпкелі-сіңілі дәрігер Салима мен Бағила Дүйсенқызын іздеп табады.

Нәресте түнгі 2:30-да өмірге келді. Кейіннен жедел жәрдем бригадасы жаңа босанған ана мен баланы Маңғыстау ауданының ауруханасына алып кетті.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде бензин бағасы қашан тұрақталатыны белгілі болды

Сайқымазақ бетпердесін киіп адам өлтірген қылмыскер 27 жылдан соң ұсталды

Головкин: Менің жекпе-жегімді президент тамашалағанын естігенде жүрегім тулады

Талқылау