Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дәретханадан табылған сәбидің жағдайы жақсырып қалған

Ақтөбеде дәретхандан табылған сәбидің денсаулығы қалпына келе бастады. Қазір нәресте облыстық балалар үйінде.

65_main

Бұл туралы Актобе Таймс хабарлайды.

Жаңа туған сәбиді дәретханадан тауып алған Молдағали Орынбасаров нәрестені асырап алғысы келетін ниетін айтқан. Алайда, билік өкілдері оған рұқсат бермеді. Заң бойынша азаматтың баланы асырап алуы үшін тұрғылықты үлкен жер аумағы болуы керек.

Қазір Орынбасаровтар әулетінде 8 адам. Молдағали 6 баланың әкесі. Ол күн сайын сәбиді барып көріп тұрады.

«Алғашында гипертомия болып, сәби қатты жаурап қалған. Алайда, ол нәрестенің барлық денесіне таралмаған. Қазір баланың жағдайы жақсарып, 300 грамм салмақ қосты», – дейді жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінің жетекшісі Айымгүл Әлиева.

Қазір полицейлер сәбиін суықта тастаған көкек ананы іздестіріп жатыр. Бұған дейін сәбидің есімін Мәншүк Мәметова деп тіркеген. Тек, ата-анасы мен ұлты әлі жазылған жоқ.

Талқылау