Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалды

Ақтөбеде су тасқыны болып, тұрғындар зардап шекті.

актобе поводка 170417

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығынан хабарлады.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар бойынша департамент басшысы Буыржан Сыздықовтың айтуынша, 579 үйді су басып қалып, 1 174 жан көшірілді, 69 адам құтқарылды.

7 пункт бойынша 502 адам уақытша орналастырылды. Оның ішінде 159 бала бар. 672 адам туыстарының үйін паналаса, тағы 690 адам Елек өзені арқылы көшірілді.

«Су тасқынының салдарынан негізінен бау-бақшамен айналысатындар зардап шекті. Ақтөбедегі су тасқыны болу қаупі бар аймақтар қатарында Махамбет, Кірпіш көпірі, Қисық өзені, Заречный-2, «ТЭЦ-2», «Ақтөбетұрғынқұрылыс», «Эко», “Нововасюки”, “Медик-1”, “Госсветсеть”, ГМЗ, Райгаз аймақтары мен Жилянка және Келешек ауылдары бар. Сондай-ақ, аудан орталықтарында жұмыс жүргізілуде”, – деп атап өтті Сыздықов.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да көлікті басып озбақ болған жүргізуші үш адамның өліміне себепкер болды

Ақмола облысында су басқан үйден әйел адамның денесі табылды

Дәрігерлер педофилден зорлық көрген 8 жасар қыздың жағдайы туралы айтты

Педофилден зорлық көрген қыздың әкесі: Тергеуді өзім жүргіземін

Талқылау