Педофилден зорлық көрген қыздың әкесі: Тергеуді өзім жүргіземін

Жексенбі, 16 Сәуір , 2017 9:25

Алматы облысына қарасты Түрген ауылында зорлық-зомбылыққа ұшыраған мектеп оқушысын дәрігерлер тү ішінде бір ауруханадан екіншісіне жұмсап сарсаңға салған. Жергілікті аурухана дәрігерлері қыз балада қан кету және гематома белгілері бар екенін айтып Есік қаласындағы перзентханаға жібереді. Алайда олардың тарапынан еш көмек болмаған.

17973957_120332000195615569_15787784_n

Бұл туралы Qasym.kz хабарлайды. 

«Ауруханада зорлау белгілері барын және жарақаттың тым тереңдігі мен гематома барын айтты. Ол жерден перзентханаға жіберді. Алайда сот-дәрігерлік сарапта маманы қызымды тексеріп көрді де бәрі таза екенін айтып, қағаздарын жинап кетіп қалды. Бұл істі соңына дейін жеткіземін. Қажет болса тергеуді өзім жүргіземін», – деді жәбірленушінің әкесі.

Есіл қалалық перзетханасының қызметкерлері жәбірленушіні қабылдаудан бас тартқан соң оның ата-анасы қыздарын ГРЭС ауруханасына алып барады. Ол жақтағылар жәбірленушіні қабылдағанымен штатта бұл саланың маман дәрігері болмағандықтан облыстық ауруханаға жолдама жазып берген. Ал облыстық аурухана дәрігерлері болса балалар гинекологы жоқтығын айтып, көмек көрсетуден бастартқан. Әрі жедел-жәрдем шақырып беруге де қарсы болады.  Осыдан соң жәбірленушілер қайтадан ГРЭС ауруханасына барып, қыздарын сол жерге жатқызады.
«Қызымыз ауруханаға түскенде оған томография жасалды. Томография жасаған дәрігер қыздың ата-анасынан 8500 теңге ақша алған. Бірақ ауруханадағылар оның тегін жасалатындығын айтты», – деді жәбірленуші қыздың ағасы.
Әзірге бұл оқиға туралы Алматы облыстық Ішкі істер департаменті тарапынан пікір білдіргендер болмады.
Естеріңізге сала кетсек, сәуір айының 14 күні Түрген ауылының 8 жастағы мектеп оқушысына мас жігіт шабуыл жасап, зорлап кеткен болатын. Жәбірленген қызды Тимур есімді мал бағушы азамат құтқарып қалған.


Жіберіп алмаңыз:

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар