Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бейімдеу орталығындағы әйелдер түрмеден сотталып шыққандармен бірге тұрып жатыр

Ақтөбеде әйелдер паналап отырған бөлім мен әлеуметтік орталық арасын есік қана бөліп тұр.

«Ауыр баппен сотталған адамдар, адам өлтірген адамдар жатыр. Қарап жатқан сақшылар жоқ. Әйелдерге тиіссе кім жауап береді? Әйелдерге басқа орын керек», – дейді ауыр жағдайда қалған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық басшысы Сабырғали Дәулетов.

Ал, бейімдеу орталығына келген әйелдер отбасылық жанжалдан қашып, күйеуінен зәбір көргендіктен немесе ақшасыз қалғандықтан келеді. Енді орталықта сотталғандармен бірге тұруға мәжбүр.

“Күйеуім балама қарайласпады. Ақша таппады. Кеткің келсе, кете бер деді. Туыстары да керек қылмады.Сосын амалсыз осында келдім”, – дейді 37 жастағы келіншек.

Жыл сайын бейімдеу орталығына 20 млн теңге бөлінеді. Онда әйелдер 6 айға дейін тұра алады. Заңгерлер құжаттарын рәсімдейді. Әйелдермен психологтар сөйлеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау