Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде белгісіз біреулер қаңғыбас иттердің артқы аяғын шауып тастаған

Ақтөбеде белгісіз біреулер көше иттерін жиі мертіктіріп кетеді екен.

ымввм

Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.

“Мен мұндай иттерді күнде болмаса да, жиі көремін. Аяқтарын кесіп тастап, жазым қылады”, – дейді шағым білдірген әйел.

Дәл осындай иттерді тұрғындар қаланың әр жерінен бір уақытта көрген.

“Бұл мәселе бойынша қоғамдық деңгейге көтеріп, шешкіміз келеді. Белгісіз адамдар жануарларға жасаған бұл қорлықты тоқтату керек”, – дейді Ғалия. Ақтөбедегі жануарларды қорғау ұйымы болса, иттерді бұлайша жарақаттап жүрген адам “көктемгі ауруға” шалдыққандардың бірі болуы мүмкін дейді. Бір апта бұрын Алматы облысында қаңғыбас иттің 3 жасар баланы талап өлтіргені жарияланған еді. Мүмкін, бұл әрекет сондай жағдайларды естігеннен кейін де туындаған болуы мүмкін.

Талқылау