Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде анасының немқұрайлы қарағанынан баласының көзі мүлдем көрмей қалған

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының кезекті отырысы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Лаззат Оразбаеваның төрағалық етуімен өтті.

728c7bd3d567246695d7c67c13ea65c9_XL-—-копия

Отырыста қылмыс жасаған, ұзақ уақыт бойы себепсіз сабаққа келмей жүрген оқушылардың, балаларының денсаулығына немқұрайлы қарайтын, ішімдікке салынған ата-аналардың істері қаралды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы Кодексінің 70-бабына сәйкес бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады», — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Заңға сәйкес өздерінің міндеттерін орындамайтын ата-аналар азаяр емес. Балаларының денсаулығына немқұрайлы қараған, соның салдарынан біреуінің мүлдем көзі көрмей, мүгедек болып қалған, ал қалған 3 баласы облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезінің «Шағала» санаториясына орналастырылған ана комиссия мүшелерінің ашуын туғызды. Отырыс соңында қатаң шаралар қабылданды.

Тағы да оқыңыз:

Электр желісі астында балық аулаған Ақтөбе тұрғыны көз жұмды

Ақтөбеде дүлей дауылдан құрлыс краны құлап,көпқабатты үйдің балкондары опырылып түсті(фото)

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

Талқылау