Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде анасы Ислам дінін қабылдағаны үшін ұлынан үйден кетуін сұраған

Ақтөбе тұрғыны ұлымен бір аулада тұрудан бас тартып, оның өз отбасымен үйден кетуін сұраған.

79739_b0

 
Бұл туралы aktobetimes хабарлайды.

«Екі үй тұрған аула анасына тиесілі. Ауладағы бір үйде анасы мен әкесі, екінші үйде ұлы өз отбасымен тұрады. Ұлы Ислам дінін қабылдап, мұсылманша киінгендіктен, анасы оны тіпті көргісі келмейтінін айтқан», – дейді Ақтөбе қалалық сотының төрешісі Самал Ордабаева.

Анасы үйді сатқан ақшасын 6 баласына бөліп бермек. Қалғанына мал алып, мал шаруашылығымен айналысам деген ниетте. Алушылар үйді көруге келгенде, ұлының тұрып жатқан жерін көріп сатып алудан бас тарқан екен.

Сот отырысында ұлы өзін салмақты ұстап, егер анасы қаламаса кетуге дайын екенін айтты, – дейді төреші.

Екі жақ келісімге келіп, анасы үй сатылған соң ұлына 1 миллион теңге төлейтін болды. Өйткені ұлы үйдің жазғы асханасын жасау үшін несие алған екен. Анасы өзге балаларына бұл сомадан аз беретін көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Франция полициясы әйелден мұсылман стиліндегі шомылу киімін шешіп тастауын талап етті

Суға батқан мұсылман әйел бөтен ер адамның көмегін қабылдамай қойды

Әйелдердің қолын алудан бас тартқан мұсылман жұмыстан қуылды

Талқылау