Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 57 тонна ұнтақты шекарадан заңсыз алып өтуге тырысқан жүргізушілер ұсталды

Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Әлімбет-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары салмағы 57 тонна болатын ұнтақты заңсыз алып өтуге тырысқан жүргізушілерді ұстады.

16

Қазіргі уақытта олар бақылау-өткізу бекетінде, ұстау бойынша материалдарды ҚР ҚК 196 бабының 1 тармағына сәйкес Ақтөбе облысының кіріс департаментіне беру жоспарлануда.

Оқиға 2015 жылдың 9-желтоқсаны күні 22 сағат 30 минут шамасында болған. «MAN» автомашинасын мінген 1974 жылы туылған Қазақстан азаматы Құмбасов И, екі бірдей «КамАЗ» жүк көліктерін мінген Ресей Федерациясының азаматтары – 1978 жылы туылған Кемерболатов Б. пен 1984 жылы туылған Бадиев Т. қолға түсті.

Көліктеріне салмағы 57 тонна болатын хромды-шпинді ұнтақ  артқан азаматтар Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқандықтары анықталды. Олар көліктеріне тиелген жүктерін ілестірме құжатсыз алып өтуге тырысқан.

 

 

Талқылау