Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 34 жастағы келіншек оныншы баласын өмірге әкелді

Айсәуле Сатыбалдиева облыстағы ең жас көп балалы ана. Жолдасы Серік Сатыбалдиев екеуі үш жыл бұрын көшіп келіп, 8 баламен сусыз, газсыз жертамда тұрған.

DD5s.Sl8HELz

Бұл туралы Диапазон хабаралйды.

Ерлі-зайыпты қазір Жаңақоныста «Автопарк» ЖШС-на қарайтын кішігірім пәтерде өмір сүріп жатыр. Отағасы автобус жүргізушісі. Жас ана мемлекет тарапынан баспаналы болуын қалайды.

«Менің бүйрегім ауыратын. Кенже баламның 7-8 айлық жүктілік кезінде  ауыра бастадым. Сосын бірден перзентханаға бардым. Алла сәтін салып, жас акушер-гинеколог Назгүл Оңғарбаевамен кездестім. Ол мені өз қарауына алды», – дейді жас ана.

Айсәуленің айтуынша, толғақ қиын болып, 11 сағатқа созылған. Ақырында 3800 келі салмақтағы дені сау баланы өмірге әкеледі.

«Ұлымның есімін әкесі Сәулет деп қойды. Үлкен балаларымыздың бәрінің есімін туысқандарымыз қойған болатын. Сондықтан кенжесінің есімін жолдасым өзі қойды», – дейді ол.

Көп балалы ана «Алтын алқаның» жәрдемақыдан өзге көмегі болмай тұрғанын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Даун синдромы: Балалардың ақыл-ой кемістігі неден пайда болады?

Алматы облысы тұрғынының тісжегіден басталған дерті асқынып қатерлі ісікке айналған (фото)

Ақтөбеде арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып аялап отыр (фото)

Талқылау