Ақтөбе тұрғыны су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыға соғым алып бермек

Жұма, 16 Маусым , 2017 11:16

Ақтөбе облысы Темір ауданының тұрғыны, кәсіпкер Хамит Ынтықбаев сәуір айында судан зардап шеккен екі отбасыға соғым алып беретін болды.

джеки_чан5

Бүгін Ақтөбеде өтіп жатқан Темір ауданының күндері аясында ол салтанатты шараға жиналған отбасылардағы бала санын сұрады. Тек екі отбасыда 7 баладан бар болып шықты, деп хабарлайды «Тілші».

«Кімнің баласы көп, сол отбасыға соғым беремін. Қанеки, қайсысыңда бала саны көп, ортаға шығыңдар», — деді ол.

Екі отбасы өкілі шыққан кезде жиналғандар бір соғымды екіге бөліп беру жөнінде ұсыныс айтты. Алайда, кәсіпкер біріне соғым, екінші отбасыға күздік әперетін болды.

«Рас, соғымды қазір емес, күзде не қысқа таман беремін» деген ол отбасыларға телефон нөмірін жазып берді.

Айта кетейік, Темір ауданының күндері аясында Ақтөбе кәсіпкерлері судан зардап шеккен бірнеше отбасыға теледидар, тоңазытқыш секілді тұрмыстық техникалар тарту етті.

Тағы да оқыңыз:

ОҚО-да зорланған оқушы қызға араша түспеген полицей істі болуда

Ақтөбеде 60-қа жуық садақа жәшігі заңсыз қойылған

Маңғыстауда түлектер мектеп бітіру кешінен бас тартып, науқас қызға көмектесті

Зейнеткер әжей алғаш рет 65 жасында тұрмысқа шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар