Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны Ресейде жарылыс жасауға шақырған

Ресейдің Сирияға қатысты жүргізіп отырған саясатына наразы болған ақтөбелік көрші мемлекетте жарылыс ұйымдастыру керек деп шешсе керек. Ол осы жөнінде үзеңгілестермен де әңгіме-дүкен құрғанға ұқсайды.

f3923c5c3d10d781908d6515d38a4164

Бұл туралы Tilshi.kz хабарлайды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Әбдіраев есімді азамат Сәрсенбаев пен Әбиевке Сирия мемлекетінің аумағында болып жатқан соғыс жағдайы туралы сөз қозғаған. Ресей Федерациясының Сирия еліне жасаған антитеррорлық операциясына ызаланғанын да жеткізіпті. Осылайша, Ресей аумағында лаңкестік әрекет жасауға шақырады екен.

Ақтөбе қаласының №2 сотында Әбдіраевқа қатысты қылмыстық кодекстің «терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша іс қаралып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

66 жастағы Павлодар тұрғыны автовокзалда “қазір жарылыс болады” деп айқайлаған

БҚО-да жарылыстан зардап шеккендер өлім аузында жатыр

Қарағандыда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар Сирияға аттануды жоспарлаған

Талқылау