Ақтөбе тұрғындары діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатудан бас тартуда

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 7:54

Ақтөбе облысында түрлі жұқпалы ауруларға қарсы екпе жасалмаған балалардың саны артпаса, кемімей отыр. Бұл мәселенің уақыт өткен сайын күрделеніп бара жатқанына аймақтағы дәрігерлер алаңдаулы.

kak_pravilno_delat_ukoly_vnutrimyshechno

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Инфекциялық аурулардың 10-нан астам түрінің  алдын алатын екпеден ата-аналар ат тонын ала қашатын әдет тапқан.

“2300-дей баланың ата-анасы екпеге қарсы. Оған түрлі себеп бар. Басым көпшілігі діни сенімдеріне байланысты. Оның ішінде тек ислам дініндегі тұрғындар емес, йогова, католицизм ағымында жүрген тұрғындар бар”, – дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанова.

Тап осы мәселені аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бүгінгі үкімет отырысында көтерді. Сәбилерді балабақша мен мектепке қабылдар алдында міндетті түрде вакцинация жасалғанын растайтын анықтама талап етілу керек. Әкімнің ұсынысы осындай. Алайда, құзырлы министрлік өкілі, баланың ата-анасы қарсы болған жағдайда екпе жасатуға мәжбүрлей алмаймыз, дегенді  айтты.

“Біздің елде қабылданған стандарттарға сай бүкіл бала осы вакцинациядан өтуі керек. Мысалға, емдеу және диагностика жасау үшін біз науқастан келісім аламыз, операция болса да. Бұл жағдайда да біз балалардың ата-аналарынан келісім алуымыз керек”, – дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов.

Жіберіп алмаңыз:

«Алматы Тауэрстағы» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

Астанада 25 мыңыншы болып туған сәбиге сый жасалды

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар