Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысының тұрғыны әкімнен әйел сұраған

Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінің орта жас шамаларындағы тұрғыны әкімнен қалыңдық сұрап келді.

2002cc45d10d64367f3c1151fd1472ca (1)

Бұл туралы елді мекеннің атын көрсетпеуімізді сұраған ауыл әкімі «Тілшіге» әңгімелеп берді.

– «Бастапқыда ауылдағы мәселелерді көтеріп келді. Ауыл үшін сұрап тұрған соң, әкімдік атынан көмектестік. Алайда, ол азамат ертеңіне тағы келді. Бізде кейбір адамдар қызық қой. Бір көмектессең, қайта-қайта келе береді. Қош, екінші келгенінде не айтар екен дедік», — деп бастады әңгімесін ауыл әкімі.

Алдымен, әкімдіктің кешегі көмегіне алғысын білдірген. Содан соң, тағы бір «мәселенің» шетін тарқатыпты.

– «Сіздер әкімдікте жұмыс жасайсыздар ғой, мұнда небір адамдар жолығады. Егер араларында басы бос қыз-келіншек болса, менің мекенжайымды көрсетіңіздерші. Тіпті, баспана сұрап келгендер болса, ауыл шетіндегі пәленбай ауласындағы жаз үйін тегін жалға береді екен деп, мен жаққа бұрып жіберіңіздерші, — депті әлгі ауыл тұрғыны әкімге екінші рет жолыққанында».

Ауыл әкімінің айтуынша, әйел сұрап келген тұрғын еш әзілсіз, салмақты сөйлеген.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық жігіт неке сыйлығына жаңа көлік сұраған қыздың тілегін орындап, өзін тастап кеткен

Әлемнің әр түкпірінде қалыңдық тұрмысқа қалай шығады? (фото)

Талқылау