Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында зорланған келіншектің туыстары ішкі істер бөліміне басып кірді

Ақтөбе облысында он күн бойы жоғалып кеткен келіншектің туыстары ішкі істер бөлімінің шаңын шығарды. Олар Нұршат Арысбекованы малшы ауылында ессіз жатқан жерінен тауып алған. Оны бірнеше еркек зорлап, қамауда ұстағанына жақындары сенімді. Сондықтан кінәлілерді жазалауды  талап етіп отыр. Әйтсе де келіншектің бала-шағасын тастап, шалғайдағы ауылға өз еркімен барғаны белгілі болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Темір ауданындағы ішкі істер бөлімі басшысының бөлмесіне баса-көктеп кірген бұлар – 25 жастағы Нұршат Арысбекованың туыстары. Олар келіншекті осыдан үш күн бұрын шалғайдағы малшы ауылынан ессіз жатқан жерінен тауып алған. Жанында бірнеше еркек болғанын айтады. Олардың Нұршатты аяусыз зорлап, қамауда ұстағанына сенімді. Енді соларды жазалауды талап етіп отыр.

Ең қызығы Нұршат малшы ауылға бала-шағасын тастап өз еркімен барған. Некелі жары болса да ол жақта Айсұлтан деген жігітпен таныспақ болыпты. Бірақ ол арақ ішкізіп, жанындағы әріптестерімен бірге келіншекті зорлаған көрінеді.

“Менің үстімнен Айсұлтанды көрдім. Басқа ештеңе көрген жоқпын. Бірақ қырғын адам. Қырғын адам болғанда мені ішкізді. Содан кейін білмей қаламын. Бір есімді жиғанда Айсұлтан жатады үстімде”, – дейді жәбірленуші Нұршат Арысбекова.

Екі жүз мың теңгеге жалдаған авдоваты Нұршатты қорғаудан бас тартып отыр. Себебі, қорлық көрдім деген келіншек тергеу кезінде сөзінен бірнеше рет  тайқыған.

“Алғашқы күні зорлық көрдім деп жауап берді. Енді ертесіне өз еркіммен болдым. Айсұлтан деген жігітке тұрмысқа шығуға уағдаласқан едік деп отыр. Клиентімнің бұл қылығынан соң бас тартпақшымын. Тергеуші тарапынан ешқандай қысым көрсетілмегінін айта аламын”, – дейді адвокат Ақылжан Қуантаев.

Қазір тәртіп сақшылары бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған. Бірнеше сараптама тағайындапты.

Оқиға болған кезде алынған көрпелер. Айғақ зат ретінде алынды. Іш киімдері алынды. Енді Арысбекова Нұршаттың биологиялық сараптамасын тағайындаймын.

Алғашқыда Нұршат малшы ауылға күйеуі еріксіз салып жіберді деп шағымданған. Бірақ онысы дәлелденбеді. Енді оның зорлық көрген-көрмегені тек сараптама қортындысы шыққан соң ғана белгілі болады. Әйтсе де, жақыны үшін шырылдаған туыстары тергеудің жан-жақты жүргізілуін талап етіп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде өз “өлімін” ұйымдастырған Қазақстан азаматы ұсталды

Ерке Есмаханның туған ағасы Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалды

Петропавлда төрт баласын бауырына басқан ерлі-зайыптылар далада тұрып жатыр

Алматыда тілі байланған науқас қария паналайтын жер таппай далада қалды

STAN.KZ
Жұма, 08 Желтоқсан, 2017 20:20
Талқылау
`