Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында шұңқырға түсіп кеткен ер адам: Жақындары болған жайт туралы айтып берді

Ақтөбе облысында шұңқырға түсіп кеткенін хабарлап, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен ер адам 5 күн бойы табылмай жатыр. Бүгінде оны ондаған құтқарушы, полицейлер мен еріктілер іздестіруде, деп хабарлайды Times kz агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбе облысында шұңқырға түсіп кеткен ер адам: Жақындары болған жайт туралы айтып берді

54 жастағы Кенжебай Алдашев туыстарымен соңғы рет 9 қарашада таңғы сағат 5-тердің шамасында хабарласқан.

«Ол Заречный-2 аулында тұрады. Ал Родниковка жақта шағын фермасы бар. Сол жерде құстарды ұстайды. Сол күні кешке фермада болды. Артынша нан алу үшін шығып кеткен. Жолай көршілерге кіріп-шығыпты. Жеңіл киінген, себебі қалың киімдері үйде қалған еді. Ол әлдекіммен бірге көлікпен кетті деп болжам отырмыз», – дейді жоғалып кеткен ер адамның қызы Айжан.

Оның сөзінше, әкесі ағасына қоңырау шалып, шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. «Аяғымның бәрі батпақ. Бұтақтан ұстап ілініп тұрмын», – депті Алдашев.

«Әкем көліктердің дыбысын еститінін және жақын жерден көше шамдарын көріп тұрғанын түсіндірген. Ағам бірден ТЖД-ға хабарласты. Құтқарушылар әкеме қоңырау шалып, сөйлесе алған. Әкем оларға да тұрған жерін түсіндіріпті. Алайда кешкі сағат 6-лардың шамасында байланыс үзілді. Сол күннен бері оны туыстарымыз, достары, құтқарушылар, бәрі іздеп жатыр. Еш нәтиже жоқ. Геолокация бойынша, сим-картаның бірі оның Ақжарда екенін, ал екіншісі Ақшатта екенін көрсетіп тұр», – деп жылайды Айжан.

РИКА-ТВ мәліметінше, қазіргі уақытта қызметтік иттердің көмегімен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шұңқырлар мен кәріз құдықтары тексеріліп, жүруге қиын жерлер квадрокоптер арқылы видеокамералармен қаралуда. Іздеу жұмыстарына әскери бөлімшелердің бірінің әскери қызметкерлері де қосылған.

Ал еріктілер оқиғаға бей-жай қарай алмайтын жандардан іздеу жұмыстарына қосылуын сұрайды.

«Әр адам қосылып, адам өмірін құтқару үшін өз үлесін қоса алады. Іздестіру жұмыстарына қосылғысы келетіндері мына телефон нөміріне хабарласа алады: 8 707 883 97 77», – дейді еріктілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау