Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында кәуәп пісірмек болған жүкті әйел көз жұмды

Ақтөбе облысының Кеңқияқ ауылында жүкті әйел абайсызда мерт болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Отбасы аулада кәуәп пісірмек болған. От тұтанбай қойғандықтан ер адам 5 литрлік бөтелкемен отқа жанармай тамызбақ болады. От лап етіп жанғанда, бөтелкедегі жанармай әйелінің үстіне төгіліп кетеді. Соның салдарынан әйелдің денесін күйік шалды.

Ерлі зайыпты екеуі бірдей ауруханаға жеткізілді. Әйелі жүкті болған. Дәрігерлер оған ота жасалғанымен ананың да, баланың да өмірін арашалай алмады.

Ер адамның жағдайы орташа, қалыпты деңгейді. Ол палатаға ауыстырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау