Ақтөбе облысында 15-16 жасында жүкті болып қалатын қыздар көбейген
Ақтөбе облысында қазіргі таңда 156 жасөспірім қыз гинекологтың есебінде тұр. Олардың көбісі колледжде оқиды. Арасында мектепте білім алатындары да бар.

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.
Облыста ерте жүкті болғандардың көпшілігі ауылдан қалаға келген қыздар екен. Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар гинекологы Салтанат Тобылбаеваның айтуынша, 16 мектеп оқушысы, 68 колледж, 7 ЖОО студенті кәмелеттік жасқа толмай жүкті болып қалған. Өзгелері оқымайды және жұмыс істемейді.
“Мектеп оқушыларының көбісі қалалық оқу ордаларында 10-11 сыныпта оқитындар. Қыздар өз жағдайлары туралы ата-аналарына айтуға қорқады, арасында жүкті екенін кеш білетіндері де бар. Олардың 70 пайызы үйленіп, бірқатар ата-аналар баланы өз аттарына жазып, өздері тәрбиелейді”, – дейді Салтанат Тобылбаева.
Жүкті болып қалғандардың арасында Алға ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі де бар. Ол босанып, баланы қалдырып кеткен. Патронаттық отбасыда тәрбиеленген тағы үш жетім қыз бар екен. Ал колледжде оқып жүріп аяғын шалыс басқандардың көбісі ауылдан қалаға келгендер. Олар жыныстық өмірді 15-16 жастарында-ақ бастап кеткен.
Гинекологтың айтуынша, көптеген қыздар жүкті екенін соңғы сәтке дейін аңдамай қалатын көрінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы статистикасы бойынша, жүкті атанған қыздардың көпшілігі Темір мен Мұғалжар аудандарынан.
Оқи отырыңыз:
Желі қолданушылары: жігіттің ішінде жыны сөйлеп тұр ма, әлде талант па? (видео)
Теміртауда педофил мектеп маңында оқушы қызды зорлап кеткен
Есінен тандыра сұлатып түсетін оқушылардың ойыны жұртты шошытты (видео)
Шымкентте жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйел видеоға түсіп қалды
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді