“Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры айына 4 миллион теңге жалақы алып келген
Ақтөбеде облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Ескендірбек Маханов ұсталды. Ол "Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы бас директоры Васильев ісіне қатысы бар деп айыпталуда.

Фото: Today.kz
Бұл туралы "Диапазон" хабарлайды. Тергеу дерегі бойынша, Маханов бөлінген 240 миллион сыйақыға қатысы бар көрінеді. Сонымен қатар, Маханов Дмитрий Васильевты заңсыз келісім-шартпен клубқа бас директор етіп тағайындап, оған айына төрт миллион теңге жалақы қойған. Бұл заңды түрде клуб басшысы алуы керек жалақыдан бірнеше есеге асып кеткен. Келісім-шарттың заңсыздығы жайында тергеу мынадай анықтама беруде: Махановта директорлар кеңесі немесе "Ақтөбе" клубының жалғыз акционерінің келісімінсіз шарт жасау құқығы болмаған. Еске сала кетсек, 46 жастағы Дмитрий Васильев 8 қараша күні ұсталған болатын. Оны бюджет қаржысын жымқырды деп айыптауда. "Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы басшысы 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқи отырыңыз: Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео) Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды