Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе әкімі мектептерде балалардан ақша жинайтын ата-аналар туралы ашық айтты

Қала басшысы Ілияс Испановтың балаларынан да мектептерде ақша жинайтын болып шықты.

Бұл туралы Aktobenews.kz жазады.

«Мектепте оқитын балаларым бар. Көбінесе, олармен келіншегім айналысады. Мектептерде бастамашыл ата-аналар болады. Бір-екі ата-ана міндетті түрде табылады. Мен оларға ашуланамын. Сыйлық алып берейік, мұғалімге тарту етейік деп бастама көтереді. Келіншегім де «не үшін жинауымыз керек» деп менен сұрап жатады», — дейді Ілияс Испанов.

Қала басшысының балалары ақылы мектепте білім алады.

«Түсінбейтінім, онсыз да ақылы мектепте неге ақша жинайды екен? Негізі, әр нәрсенің өз орны бар. Әке ретінде, ата-ана ретінде мектептерде ақша жинауға қарсымын. Ондайдың қажеті жоқ. Рас, кейбір директорлар ондай бастамашыл ата-аналарды жақсы көреді», — дейді әкім.

Ілияс Испанов мектеп директорларының кейбірә шаруаларды өздігінен шешкісі келетінін жасырмады. Бір-бірінен озу үшін, рейтинг қуу мақсатында білім ордалары ата-аналардан ақша жинауға дейін барады.

«Бүгінде барлық жұмысты мемлекеттік тапсырыс аясында жасау керек. Ал оның өз қиындықтары бар. Кез келген шараға техникалық тапсырма әзірлей алмайды. Мектептер үлкен машина іспетті. Қазір ойға алған дүниені сол бойы жасай салу мүмкін емес», — деді әкім.

Ілияс Испановтың айтуынша, бүгінде қала бюджетінің 40 пайызы білім саласына жұмсалып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Энергетика министрі: Мұнайшылардың тәбетін басып, бензинді арзандату керек

Шығыс Қазақстан облысында мұғалім “батыр” образында сабақ беріп жүр

Павлодарда баланы бетонға лақтырып ұрған еркек жеңіл жазамен құтылды

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіт бір ғажаптың күшімен аман қалды

Талқылау